"16 жерінен пышақтаған": Шымкентте жұмысқа кеткен бойжеткен өлі табылды

01.08.2025 11:34
0
1938
lider.kz

Шымкентте жоғалып кеткен 26 жастағы Диана Оңғарбаеваның өлі табылғаны туралы ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырды. 21 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған әйелдің денесі бірнеше күннен кейін табылған.

Lider.kz волонтерлары бұл жайында әлеуметтік желілерде хабарлады. Диананың жақындары адвокат Ләззат Рақышеваға қайғылы жайтты баяндап, ол алған мәліметтерін жұртшылықпен бөлісті. Қайғылы оқиғаға себеп болған жайт — марқұмның «үй жинаушы керек» деген хабарландыруға жауап беруі. Сол хабарлама арқылы ол белгісіз мекенжайға барған.

Алайда сол жерде 17 жастағы жасөспірім оның өмірін қиған. Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті оны 16 жерінен пышақтап, мәйітін қоқысқа тастап кеткен. Бұл қайғылы оқиға жұрттың жағасын ұстатып, қоғамда онлайн жұмыс хабарландыруларына деген сенімділік пен қауіпсіздік мәселесін қайта көтеріп отыр. Диананың артында екі кішкентай қызы мен жары қалды. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий