«12 млн теңге шығын»: Әнші Қазыбек Құрайыш қиын жағдайға тап болды
681
Жастар арасында танымал әнші және сазгер Қазыбек Құрайыш түсірілім барысында күтпеген қиындыққа тап болғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Өнер иесінің айтуынша, клипке жұмсалған 12 миллион теңге мен екі айлық еңбек зая кеткен.
«12 млн тг кетті. Мәселе ақшада да емес, біраз еңбек пен 2 ай уақыт сарп еттік. Соңында 50% материал күйіп, клиптың сюжетін толық жоғалтып алдық. Ең керекті моменттерінен кадрларымыз жоқ», — деп жазды Қазыбек әлеуметтік желіде.
Әнші басты рөлді сомдаған актерлер мен командасына алғыс айтып, жағдайды сабырмен қабылдағанын жеткізді.
«Өз басым жүректен жіберіп тастадым. Әніміз 24 қазанда барлық платформаларда жарық көреді. Бірақ клипсіз бе, әлде сол күйі салып жіберейін бе?» — деп оқырмандарынан кеңес сұрады.
Соңғы жаңалықтар
05.09.2026
17:36
Қарағанды облысында жөндеу жұмыстары кезінде ек...
05.09.2026
17:12
Бауыржан Байбекті қарамағындағы адам тонап кетті
05.09.2026
16:26
«Діни сауаттылық қажет»: Мөлдір Әуелбекова Баян...
05.09.2026
15:13
Қазақстанның үш облысында әскери техника қозғал...
05.09.2026
14:09
СҚО-да 89 жастағы әйел балтамен өлтірілген: Күд...
05.09.2026
13:58
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының о...