"3 сынып қана оқыған": ер адам 13 жастағы қызын отыз жастағы ер адамға күйеуге берген

10.01.2026 14:23 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
1877
Фото: видеодан скриншот

Танымал журналист Руслан Өтепбай Youtube-тегі тәуелсіз бағдарламасында Алматы облысы Қарасай ауданында тұратын көпбалалы отбасының ауыр тұрмысын көрсетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналистке жергілікті тұрғын көмек сұрап хабарласқан. Оның айтуынша, көршісі жуырда Қаскелең қаласындағы перзентханада төртінші баласын дүниеге әкелген. Алайда босанғаннан кейін медицина қызметкерлері әйелден 200 мың теңге талап еткен көрінеді.

«Бұл үйде төрт балалы ана тұрады. Өзі бізден көмек сұрады. Әйел – Өзбекстан азаматы, қолында құжаттары жоқ. Қазір перзентханада жатыр, кесарь тілігімен босанған. Сол үшін 200 мың теңге сұраған. Егер төлем жасалмаса, перзентханадан шығармаймыз деген. Бұл отбасының нан алатын да ақшасы жоқ. Күйеуі бар, бірақ бір жарым ай бойы хабарсыз кеткен, кеше ғана келген», – дейді Маржан есімді тұрғын.

Отбасындағы тұңғыш қыз Фатима 2005 жылы туған. Ол 13 жасында өгей әкесінің шешімімен 30 жастағы ер адамға тұрмысқа берілген. Қыз бала мектепте небәрі 3 сынып қана оқыған.

«Бірінші күйеуіммен бар болғаны 8 ай өмір сүрдім. Кәмелет жасқа толмағанымды білген соң, құзырлы органдар алып кетті. Кейін былтыр 1994 жылғы ер адамға тұрмысқа шықтым. Қазір бір ұлым бар», – дейді Фатима.

Отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Екінші қызы Хадиша 13 жаста, алайда мектепке кеш барғандықтан қазір 4-сыныпта оқиды. Ал үшінші бала – 7 жастағы ұл. Фатиманың айтуынша, олардың 51 жастағы әкесінің бірнеше отбасы бар.

«Сіңлімнің мектепке кеш баруына өгей әкем себеп болды. Ол “ұл мен қыз бір партада отыруы – харам” деген көзқараста. Маған да солай істеді, сондықтан мен де 3 сынып қана оқыдым», – дейді ол.

Руслан Өтепбай қыз және жергілікті тұрғынмен бірге перзентханаға барып, ақша талап етілді деген дерекке байланысты жауапты тұлғалардан түсініктеме алды.

«Мейрамгүл Назаровадан ешкім ақша сұраған жоқ. Ол келісімшартқа отырған емес, құжаттарға қол қоймаған. Сондықтан ешқандай қаражат талап етілмеген, ол перзентханадан еркін шыға алады», – деп мәлімдеді перзентхана өкілі.

Айта кетейік, көрсетілген көмектің нәтижесінде отбасыға бір қор арқылы 3 жылға тегін баспана берілген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий