"3 жас пен 11 айлық": Ақтөбеде әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді
Кандыағаш қаласында көпқабатты тұрғын үйден екі жас баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қайғылы оқиға туралы Atyrau Online Telegram-арнасы хабарлады.
Марқұм балалардың бірі – 11 айлық, екіншісі – 3 жаста болған. Оларды өлтірді деген күдікпен Атырау облысының тұрғыны – балалардың анасы ұсталды. Әйел адам мереке күндері пойызбен Кандыағашқа туыстарына қонаққа келген.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел босанғаннан кейінгі депрессия жағдайында болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті хабарлады.
Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты қалай және не себепті болғанын анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...
18.10.2026
09:26
Ақтөбеде белгілі дәрігер 53 миллион теңге жымқы...
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...