30 мың теңге үшін: Саран қаласында дүкеншіні аяусыз өлтірген ұрыға сот үкім шығарды

30 мың теңге үшін: Саран қаласында дүкеншіні аяусыз өлтірген ұрыға сот үкім шығарды
03.05.2025 10:06
0
306
коллаж Stan.kz

Саран қаласында дүкен сатушысын қатыгездікпен өлтірген 51 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі жариялан, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаевтың айтуынша, қылмыскер 23 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, сот тергеуі барысында айыпталушының қызметтік немесе өндірістік үй-жайға заңсыз кіріп, қарақшылық жасап, пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіргені дәлелденді. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы және 99-бабының 2-бөлігінің 8-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Нақтылай айтқанда, 192-бап бойынша 8 жыл, ал 99-бап бойынша 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленіп, Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес жаза ішінара біріктіріліп, түпкілікті 23 жылдық жаза тағайындалды. Сотталушы бұл мерзімді орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару мекемесінде өтейтін болады.

Сонымен қатар, сот шешімімен оған мәжбүрлі түрде нашақорлықтан ем алу міндеттелді. Жәбірленуші тараптың моральдық шығынын өтеу үшін сотталушыдан 20 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіру туралы шешім шығарылды. Айта кетейік, жәбірленуші тарап үкіммен толық келісіп отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий