"+50 градус": еліміз бойынша шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды
1175
«Қазгидромет» синоптиктері шілде айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, алдағы ай Қазақстандағы жылдың ең ыстық кезеңі болмақ, деп хабарлайды Politico.kz.
Болжам бойынша, айдың алғашқы жартысында елдің солтүстігі мен шығысында орташа ауа температурасы +18...+23 градус, ал оңтүстікте +28...+30 градус шамасында болады.
Кейін аптап ыстық күшейіп, кей өңірлерде ауа температурасы рекордтық көрсеткіштерге жетуі мүмкін:
- солтүстік пен шығыста – +42...+43°C;
- орталық, батыс және оңтүстік-шығыста – +47...+48°C;
- оңтүстік өңірлерде – +50°C-қа дейін.
Сонымен қатар синоптиктер шілде айында қысқа мерзімді салқындау кезеңдері де болатынын айтады. Солтүстік және шығыс облыстарда түнгі температура кей жерлерде +5 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.
Мамандардың айтуынша, шілде – елдің солтүстігінде жауын-шашын ең көп түсетін айлардың бірі. Найзағай, нөсер жаңбыр, ал кейбір өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Жекелеген аудандарда бір тәулікте айлық жауын-шашын мөлшеріне тең немесе одан да көп жаңбыр жаууы ықтимал.
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
10:47
Жаңа зауыттарсыз терең өңдеу ұран күйінде қалад...
17.09.2026
10:33
«Ақынға тиіспеңдер, ол тентек болуы керек»: Акт...
17.09.2026
09:46
Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының жаңа әкімі б...
17.09.2026
09:44
Алматы облысында 17 жастағы бойжеткен жұмбақ жа...
17.09.2026
09:26
«Соңғы 3 күн асықты»: Базарбек жол апатынан за...
17.09.2026
09:18
Кінәлілер жазалансын: Зауытта көз жұмған балуан...