Абай облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

29 шілде таңертеңгі уақытта Абай облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Апат Бозтаев пен Первомайская көшелерінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Halyqstan Telegram арнасына сілтеме жасап.
Hyundai Accent көлігін тізгіндеген жүргізуші айналма жолға қарай келе жатып, қарсы беттегі Toyota Highlander көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Анық болғандай, Hyundai көлігін Абай облысы полиция департаментінің екінші бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дамир Туражанов (1983 жылы туған) басқарған. Ол апат орнында көз жұмды.
Көлікте болған жолаушы – шамамен 30-35 жастағы ер адам – жедел жәрдеммен Семей қаласындағы Облыстық клиникалық ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілген.
Ал Toyota Highlander көлігінің жүргізушісі зардап шекпегені хабарланды.
Соңғы жаңалықтар





