Абай облысында сотталған адам камераласын еден жуғыш таяқпен өлтірген

27.03.2026 08:55 Мөлдір Талғат
Абай облысында сотталған адам камераласын еден жуғыш таяқпен өлтірген
414
Фото: freepik

Абай облысында сотталған адам камераласын өлтіргені үшін 11 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға №20 мекемеде болған. Күндіз санитарлық бөлмеде екі сотталған арасында жанжал туындаған. Қақтығыс жеке және діни мәселелерге байланысты басталған.

Сот материалдарына сәйкес, бастапқыда жанжал төбелеске ұласқан. Сотталғандардың бірі қарсыласын ұрып, жерге құлатқан. Кейін екінші адам ағаш швабраны алып, оны денесі мен басынан ұра бастаған. Ол жәбірленуші қарсылық көрсете алмай қалған кезде де соққы жасауды тоқтатпаған.

Зардап шегуші медициналық бөлімде есін жимастан көз жұмған.

Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындамаған. Оның адвокаты істі өзін-өзі қорғау шегінен шығу немесе абайсызда адам өліміне әкелу бабы бойынша қайта саралауды сұраған. Алайда сот бұл уәжбен келіспей, әрекетті қасақана кісі өлтіру деп таныды.

Сот үкімімен ер адам 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы үкімі ескеріліп, жаза мерзімі ұлғайтылған. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейтін болады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий