Әкімнің орынбасары парамен ұсталды

19.01.2026 11:30 Арман Ермеков Арман Ермеков
Әкімнің орынбасары парамен ұсталды
0
832
instagram.com/akshabaev_kuat

Желіде Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қолына түскені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz

Алдын ала таралған ақпаратқа сәйкес, шенеунікті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі арнайы операция барысында қолға түсірген. Ақшабаев 28 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында редакциямыз құзырлы органдарға ресми сауал жолдады.

Назар аударарлық жайт, Іле ауданы әкімдігінің ресми сайтындағы басшылық құрам тізімінен Қуат Ақшабаевтың есімі алып тасталған.

Қуат Қарабайұлы Ақшабаев Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметіне жақында ғана, 2025 жылдың ақпан айында тағайындалған болатын. 

1986 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген шенеунік мамандығы бойынша – заңгер. Оның еңбек жолына көз жүгіртсек, мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларынан өткенін байқауға болады:

  • Еңбек жолын 2007 жылы су шаруашылығында есепші болып бастаған.
  • Ұзақ жылдар бойы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында инспекторлықтан бастап басшылық қызметтерге дейін көтерілген.
  • Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінде бөлім басшысы болған.
  • 2015-2018 жылдары Есік қаласы әкімінің орынбасары;
  • 2018-2022 жылдары Рахат ауылдық округінің әкімі;
  • Іле ауданына келмес бұрын, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарынан ресми ақпарат күтілуде.

Айта кетейік, Іле ауданының басшылығы бұған дейін де жемқорлық дауына іліккен. Былтыр желтоқсанда ауданның бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және заңсыз кәсіпкерлік баптары бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 3 айға сотталған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий