«Алдыңғылардың қателігін түзеді»: Үйі бүлінген Мақпал Жүнісова жаңа құрылысшыларға алғыс айтты
290
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова үйін қайта қалпына келтіріп берген шеберлерге дән риза болып, желіде ақжарма алғысын білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында баспанасын ретке келтірген мамандардың еңбегін жоғары бағалап, жұмыстың сапасына көңілі толғанын жеткізді.
Бұған дейін әнші үйінің қасбеті мен іргетасын жасатқан алдыңғы құрылысшылардың салғырттығына шағымданған болатын. Оның сөзінше, сапасыз жүргізілген жөндеу жұмыстары көп ұзамай сыр беріп, баспананың кейбір бөліктері үгітіліп, қирай бастаған.
Кейін іске жаңа шеберлер кірісіп, бұған дейінгі жұмысшылардың барлық кем-кетігін толықтай жөндеп шыққан. Мақпал Жүнісова жауапкершілік танытқан мамандарға «Алла разы болсын» деп, шынайы ризашылығын жеткізді. Ал желі қолданушылары шеберлердің адал еңбегіне сүйсініп, халық сүйіктісінің қуанышына ортақтасып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
30.09.2026
10:07
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: Саясаттанушы билік...
30.09.2026
09:41
Зайсан көлінде балықшылардың мәйіті табылды
30.09.2026
09:36
Пара алып ұсталған елордалық ХҚКО қызметкерлері...
30.09.2026
09:21
«Алдыңғылардың қателігін түзеді»: Үйі бүлінген ...
30.09.2026
08:35
Шымкентте әйел күйеуін пышақтап өлтірді күдікке...
30.09.2026
08:05
Ақмола облысында мас әйел баласын емізген күйі ...