Әлеуметтік желіде қазақ қыздарын кемсіткен шетелдіктер қамауға алынды

08.02.2026 11:25 Қарақат АСЫЛОВА
Әлеуметтік желіде қазақ қыздарын кемсіткен шетелдіктер қамауға алынды
280
Фото: Ашық дереккөздерден
Стримде қазақ қыздарына тіл тигізген шетелдіктер 15 тәулікке қамалды

Қазақстанда шетелдік стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренатко әлеуметтік желідегі стрим барысында қазақ қыздарына қатысты ойсыз сөздер айтқаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, екі шетел азаматына қатысты Медеу ауданы полиция басқармасында әкімшілік іс қозғалған. Тексеру барысында олар қоғамдық тәртіп нормалары мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бейәдеп сөздер қолданғаны анықталған.

Материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданып, сот шешімімен екеуі де 15 тәулікке қамауға алынды.

Оқиға кезінде Анар мен Ренатконың жанында болған медиафутбол командасы Lit Energy өкілі Равшан да қамау туралы ақпаратты растады. Ол стримерлерді қолдап, олардың әрекеттері үшін кешірім сұрады..

«Анар мен Ренаткоға 15 тәулік әкімшілік қамау тағайындалды. Біз олармен байланыстамыз және қажетті қолдау көрсетіп жатырмыз. Біз де, олар да ешкімге жамандық жасағымыз келген жоқ. Бейәдеп сөздер үшін барлығынан кешірім сұраймыз», — деді Равшан.

 

Полиция интернет кеңістігі жауапкершіліктен тыс аймақ емес екенін еске салып, әлеуметтік желілердегі әрекеттер мен пікірлер қоғамдық орындардағы мінез-құлық сияқты заң аясында бағаланатынын атап өтті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий