Әлібеков соттала ма? Lamborghini-мен контент түсіріп, қаза тапқан жігітке қатысты сот өтті

Әлібеков соттала ма? Lamborghini-мен контент түсіріп, қаза тапқан жігітке қатысты сот өтті
02.05.2025 13:10
0
101
әлеуметтік желі

Кәсіпкер Бейбіт Әлібековке тиесілі Lamborghini көлігімен контент түсіру кезінде қаза тапқан Батырхан Ержанға қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Оқиға қоғамда резонанс тудырған еді. Қайғылы жағдайдан кейін қозғалған іс аясында алғашқы сот отырысы өтті. Қылмыстық жауапкершілікке көлікті басқарған 45 жастағы жүргізуші тартылды. Оған Қылмыстық кодекстің "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бабымен айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Марқұм Батырхан Ержанның туыстары айыпталушыдан 220 миллион теңге көлемінде моральдық және материалдық өтемақы өндіріп беруді талап етті. Сонымен бірге олар оқиға кезінде пайдаланылған көліктің иесі, кәсіпкер Бейбіт Әлібековті де заң жүзінде жауапкершілікке тарту туралы талап қойғанымен, сот бұл шағымды қараусыз қалдырды. Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий