Алматы облысында 15 жастағы жетім қызды 8 жігіт 2 ай бойы зорлап келген
3020
ЖАЛҒАСЫ
Алматы облысының Райымбек ауданында 15 жастағы мектеп оқушысын бірнеше жігіт жүйелі түрде қорлап келген, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл жағдай туралы журналист Жан Ахмадиев хабарлады. Оның айтуынша, 16-25 жас аралығындағы 8 жігіт 9-сыныпта оқитын 15 жастағы қызды екі ай бойы қорқытып, түнгі уақытта сыртқа шығарып зорлап келген. Бұл қылмыс туралы ақпарат алдымен оқушылар арасында тарап, кейін мектеп директорына жеткен. Директор қызды шақырып барлық мән-жайды білген.
Оның сөзінше қыз дереу полиция шақырудың орнына бұл деректі 5 күн бойы жасырған.
«Қылмыстық іс 2026 жылдың 16 наурызында тіркелгеніне қарамастан, 8 күдіктінің ешқайсысы қамауға алынбаған, олардың ішінде тіпті мектеп мұғалімдерінің балалары да бар екен», – деді Жан Ахмадиев.
Журналист шарасыз күйде қалған жасөспірімнің өзінен көмек сұрап келгенін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
10:31
Астанада мектеп гардеробындағы оқиғадан кейін д...
08.10.2026
10:24
«Енені жалмауыз қылуды доғарыңдар»: Мөлдір Анар...
08.10.2026
10:06
Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері
08.10.2026
09:53
Алматы облысында жүргізуші тротуардағы адамдард...
08.10.2026
09:08
«Достық емес, Ленин»: қазақша көше атауларын мо...
08.10.2026
09:00
«Тіркеуден шығара беріңдер»: Мақпал Жүнісова Пр...