Алматы облысында үкіммен келіспеген сотталушы сот залында мойнын осып жіберді

14.10.2026 • 12:36 Әсел МҰРАТ
Алматы облысында үкіммен келіспеген сотталушы сот залында мойнын осып жіберді
200
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы Қарасай ауданының сотында сот залында 19 жылға сотталған ер адам үкім оқылып жатқан кезде өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Politico.kz.

Өгей қызын бірнеше жыл бойы зорлады деп айыпталған азаматқа қатысты сот отырысы жабық режимде өтті. 

Судья оны 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған сәтте, сотталушы бұған келіспейтінін білдіріп, қолындағы темір тектес өткір затпен мойын тұсын осып жіберген. Оған сол жерде жедел жәрдем шақырылып, дереу ауруханаға жеткізілді.

Алматы облыстық сотының мәліметінше, оқыс оқиға 13 қазанда болған.

«Мамандандырылған ауданаралық сотта Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігі бойынша айыпталған азаматқа қатысты үкім жарияланды. Үкім оқылып жатқан тұста сотталушы наразылық ретінде өзіне дене жарақатын салды. Қазір аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары мен сот әкімшілігі тексеру шараларын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады сот өкілдері.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий