«Сізді сағынатын боламын»: Ақмола облысында 38 жастағы дәрігер тергеуден соң көз жұмды

14.10.2026 • 12:38 Мөлдір ҚАЙНАР
«Сізді сағынатын боламын»: Ақмола облысында 38 жастағы дәрігер тергеуден соң көз жұмды
219
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысының Есіл ауданында 38 жастағы аудандық аурухананың терапевті өз үйінде оқыстан көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жергілікті басылымдар мен желідегі деректерге қарағанда, марқұм жуырда ғана еңбек демалысынан оралған. Қайғылы оқиға қарсаңында ол Көкшетау қаласына барып, қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап беріп қайтқан. Тергеу барысында құқық қорғаушылар оның ұялы телефонын тәркілеп алған екен.

Кезекті ауысымға шықпаған ақхалаттыны әріптестері іздей бастаған. Алайда оның денесі Есіл қаласындағы өз баспанасынан табылды. Оқиға орнынан марқұмның анасына жазып кеткен: «Сізді сағынатын боламын» деген қоштасу хаты шыққан.

Қазіргі уақытта Экономикалық тергеу департаменті жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Ал тәртіп сақшылары өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Есіл ауданының 38 жастағы тұрғыны суицид жасаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр, оқиғаның мән-жайы мен нақты себептері анықталуда», — деп мәлімдеді Ақмола облыстық ПД өкілі Әсем Әбдірахманова.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий