Алматыда 13 жастағы қызды зорлаған ВИЧ жұқтыртқан педофилге сот үкімі шықты
1541
Алматыда 13 жастағы қызды зорлаған ВИЧ жұқтырған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Politico.kz.
«Алматы қаласында сот процесі өтті. Бұл іс бойынша 13 жастағы қызды ВИЧ инфекциясын жұқтырған ер адам зорлаған. Сот айыпталушыны аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деді заңгер Ляззат Ракишева желідегі парақшасында.
Сонымен қатар, сот екі адвокатқа және айыпталушының бауырына қатысты – іс бойынша дәлелдерді бұрмалау фактісі бойынша – жеке қаулылар шығарды. Материалдар тексеру жүргізу және қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін прокурорға жолданды.
Сондай-ақ, сот Қылмыстық кодекстің 118-бабы бойынша жеке қаулы қабылдады, себебі сотталған адам өзінде ВИЧ инфекциясы бар екенін біле тұра, баланың денсаулығына әдейі қауіп төндірген.
Соңғы жаңалықтар
22.09.2026
19:07
10 жыл ішінде барлық салада қазақша ойлайтын аз...
22.09.2026
18:55
Семейде газгольдер жарылып, өрт тұрғын үйлерге ...
22.09.2026
18:49
Қуаныш Бейсек: Кезінде өзімді бәрінен ақылды, ж...
22.09.2026
18:33
Қазақстан шахматшылары Олимпиадада көш бастап к...
22.09.2026
17:17
Тікелей эфирде мысықты тістеген ер адамға айыпп...
22.09.2026
17:06
«Дәлізде домбырамен ән салдым»: Гүлнұр Оразымбе...