Семейде газгольдер жарылып, өрт тұрғын үйлерге шарпыды

22.09.2026 18:55 Қанат АЙБАР
Семейде газгольдер жарылып, өрт тұрғын үйлерге шарпыды
115
Ашық дереккөздерден

Семейде автожуу орнының аумағында орын алған ірі өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Северный ауданындағы Сосновая көшесінде болған. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін аумақтағы газгольдер жарылған.

Салдарынан тілсіз жау жүк көлігіне және екі жеке тұрғын үйге жайылды. Өрттің жалпы аумағы анықталып жатыр.

Оқиға орнында ТЖМ күштері жоғары шақыру дәрежесі бойынша жұмыс істеуде. Өртті сөндіру штабы құрылып, суды үздіксіз жеткізу ұйымдастырылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Құтқарушылар өртті ауыздықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Войдите, чтобы оставить комментарий