Алматыда автобуста қызды күштеп мойынан сүйгісі келген ер адам ұсталды (ВИДЕО)

28.03.2026 15:33 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыда автобуста қызды күштеп мойынан сүйгісі келген ер адам ұсталды (ВИДЕО)
372
Видеодан кадр

Алматыда қоғамдық көлікте жолаушы қызға тиіспек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға №86 бағыттағы автобуста болған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам қыздың мойнынан ұстап, оны еркінен тыс жақындасуға мәжбүрлеген. Сол сәтте автобустағы жолаушылар дереу араласып, күдіктіні көліктен шығарып жіберген.

Алайда біраз уақыттан кейін ер адам қызды қайта аңдып, такси күтіп тұрған жерінен жақындауға әрекет жасаған. Жәбірленуші бұл жолы қашып құтылып, қауіпсіз жерге жеткен.

Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталғанын мәлімдеді. Ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған. Осыған байланысты ол арнайы медициналық ұйымға жіберіліп, психиатриялық сараптамадан өтеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктінің әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілмек.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий