Алматыда аялдамада қарт әйелді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Алматыда қарт әйелді соққыға жыққан ер адам бұрын сотталған болып шықты
ЖАЛҒАСЫ
-
Алматыда егде әйелді соққыға жыққан жігіт қайтадан сотталды
10.09.2026, 10:17
Алматыда аялдамада егде жастағы әйелді аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz сайты “Kozachkov offside”-қа сілтемемен.
Әлеуметтік желіде тараған видеода белгісіз ер адамның еш себепсіз қарт әйелге шабуыл жасап, қатігездікпен ұрып жатқан сәті көрсетілген. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, желі қолданушылары күдіктіні қатаң жазалауды талап етті.
Кейінірек полиция күдіктіні ұстағанын хабарлады. Ол 26 жастағы Илья Теренов екені анықталды. Белгілі болғандай, ол бұған дейін абайсызда адам өлтіру бабы бойынша сотталып, 2 жыл бас бостандығынан айырылған.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...
27.10.2026
17:25
Астанаға әкім, федерацияға президент: Жеңіс Қас...