Алматыда мамандандырылған ХҚО-ның бірнеше қызметкері сотталып кетті
695
Арнайы прокурорлар Алматы қаласының мамандандырылған ХҚО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Politico.kz.
Алматы прокуратурасының хабарлауынша, 2023 жылы Мамандандырылған ХҚО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталды.
«Құқыққа қарсы әрекеттердің нәтижесінде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 млн теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеді. Кешенді жүргізілген тергеу әрекеттері мен сот сараптамаларының нәтижесі айыпталушылардың құқыққа қарсы әрекеттерін толығымен растады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды», — делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар
22.09.2026
19:07
10 жыл ішінде барлық салада қазақша ойлайтын аз...
22.09.2026
18:55
Семейде газгольдер жарылып, өрт тұрғын үйлерге ...
22.09.2026
18:49
Қуаныш Бейсек: Кезінде өзімді бәрінен ақылды, ж...
22.09.2026
18:33
Қазақстан шахматшылары Олимпиадада көш бастап к...
22.09.2026
17:17
Тікелей эфирде мысықты тістеген ер адамға айыпп...
22.09.2026
17:06
«Дәлізде домбырамен ән салдым»: Гүлнұр Оразымбе...