"Әлсіздігім емес": Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады
Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы театр премьерасы алдында ерекше толқыныс сезініп жүргенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің сөзінше, театрдың кинодан басты айырмашылығы – сахнада екінші мүмкіндік болмайды.
Актриса лық толы залдағы мыңдаған көрерменнің назары әртістерде болатынын айтып, мұндай сәтте қателесуге болмайтынын жеткізді. Соған қарамастан, күтпеген жағдайлардың орын алуы мүмкін екенін де жасырмады.
«Мұндай күндері ас батпай, ұйқы қашып, қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бере алмай кетемін. Бұл – әлсіздігім емес, сахнаға деген құрмет пен көрермен алдындағы жауапкершілік», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сондай-ақ өнер иесі театр көрерменін қатты сағынғанын айтып, жақын арада қауышатынына қуанышты екенін жеткізді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
09:38
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың отб...
16.10.2026
09:36
Қарақұртты жұтып қойған: Маңғыстауда екі жасар ...
16.10.2026
09:35
Қостанайда 120 пайызбен қарыз берген ер адам со...
16.10.2026
09:16
Navai-дың ұсталуына қатысты Ресей Қазақстанға р...
15.10.2026
23:16
“Мүмкін, әбден мүмкін!”: Дана Уайттан Шавкат Ра...
15.10.2026
22:34
Семейде сәбиді қоқысқа тастаған ата-анаға сот ү...