Қарақұртты жұтып қойған: Маңғыстауда екі жасар бүлдіршін өлім аузынан қалды

Қарақұртты жұтып қойған: Маңғыстауда екі жасар бүлдіршін өлім аузынан қалды
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында улы қарақұртты жұтып қойған екі жасар қыз бала комаға түсіп, ажалдан аман қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқыс жағдай туралы ересектерге алты жастағы бала айтып келген. Көп ұзамай бүлдіршіннің халі күрт нашарлап, аудандық ауруханадан облыстық балалар стационарына санавиациямен шұғыл жеткізілді. Ол кезде науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, комада жатқан еді.

Дәрігерлер кішкентай қызға уға қарсы сарысуды екі рет екті. Он тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатқан бала ақыры есін жиып, өздігінен тыныс ала бастады. Денсаулығы жақсарған соң ол төрт күннен кейін үйіне шығарылды.

Айта кетейік, биыл Маңғыстауда қарақұрт шағу деректері тым көбейіп кеткен. Тек маусым айының алғашқы онкүндігінде осындай улану салдарынан жансақтау бөліміне бес бала түскен болатын. Өңірде тіпті арнайы сарысу тапшылығы туындап, қосымша дозалар көршілес Атырау облысынан да алдырылған. Жергілікті мамандар ата-аналарды қауіпті өрмекшілер көбейген кезеңде балалардың қауіпсіздігіне аса сақ болуға шақырады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу