"Анасымен еріп барған". 11 жастағы қызды әкесі түрмеде зорлап тастады

08.07.2025 09:31
0
694
ашық дереккөзден

Бакуде кәмелетке толмаған қыз өгей әкесінің жыныстық зорлық-зомбылығына тап болды. Бұл туралы «Әзербайжан балалары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Кямаля Агазаде мәлімдеді.

Оның айтуынша, қыздың анасы екі рет сотталған ер адаммен түрмеде некеге тұрған. Әйел 11 және 6 жастағы қыздарын түзету мекемесіне үш күндік кездесуге бірнеше мәрте ертіп апарған. Осы уақыт аралығында 11 жастағы қыз өгей әкесінің тарапынан сексуалдық зорлық көрген. Бұл жағдай бір жыл бойы жалғасқан.

Қазіргі уақытта жәбірленуші 12 жаста, бірақ тек екінші сыныпты ғана аяқтаған. Қыз қазір қоғамдық бірлестіктің қамқорлығына алынған. Ал оның 6 жастағы сіңлісі әлі де анасымен бірге тұрып жатыр. Ұйым өкілдері оны да қамқорлыққа алмақ.

Әзербайжан Әділет министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, бұл оқиға бойынша тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий