Әнші Алтынай Жорабаеваның екінші қызы тұрмысқа шықпақ

30.03.2026 14:12 Мөлдір Талғат
 Әнші Алтынай Жорабаеваның екінші қызы тұрмысқа шықпақ
1182
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Қазақстандық шоу-бизнес өкілі Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті. Әншінің екінші қызы жақын уақытта тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі бұл туралы тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, қызына сүйіктісі үйлену туралы ұсыныс жасап үлгерген. Алайда екі жақтың ата-аналары әлі ресми түрде танысып үлгермеген.

“Жігіт қызға ұсыныс жасады. Болашақ құда-құдағимен әзірге жүздескен жоқпыз, бірақ олар арнайы келіп, танысуды жоспарлап отыр екен. Күтеміз”, – деді әнші.

Алтынай Жорабаеваның тұрмысқа шығатын қызы – Айнара. Әнші бұл жаңалықты естігенде үлкен қызы үшін аздап алаңдағанын да жасырмады. Оның айтуынша, екі қыздың жас айырмашылығы небәрі екі жыл.

“Айнара әпкесімен сөйлесіпті. Сонда тұңғыш қызым “Мен саған тек бақыт тілеймін, шын жүректен қуаныштымын. Алла қаласа, менің де маңдайыма жазылған жан кездессе, соны да көрерміз” депті. Осы сөздерді естігенде толқып, жылап алдым", – деп бөлісті ол.

Сондай-ақ әнші қыздарының болашағына қатысты өз ұстанымын да айтты. Оның пікірінше, алдымен білім алып, өмірде өз орнын тапқаннан кейін ғана тұрмыс құрған дұрыс. Дегенмен ол бәрі тағдырға байланысты екенін атап өтті.

“Негізі қыздарыма алдымен білім алып, өз жолдарын тауып, аяққа тұрғаннан кейін ғана тұрмыс құрғандары дұрыс деп айтып келдім. Бірақ бәрі – тағдырдың жазуы. Енді қуанышпен қабылдаймыз, бақыт тілейміз. Ең бастысы – екеуі бір-бірін түсініп, тату-тәтті отбасы құра алса, біз үшін сол үлкен бақыт. Егер жас әже атанатын күн туып жатса, бақыттымыз, сол күнге жете берейік”, – деді әнші.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий