"Апай деп айту сауатсыздықтың белгісі емес": тіл маманы Баян Алагөзоваға қарсы шықты
1053
Филолог Арын Құнанбайұлы "мені апай деп атама" деген продюсер Баян Алагөзованың сөзімен келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz
Бұл туралы ол Narikbi LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
"Баян Алагөзованың «не называй меня апай» деуі – қазақ тілінің қаратпа жүйесін өзге тілдік өлшеммен бағалаудың көрінісі, - дейді ол.
Филологтың сөзінше, қазақ тілінде «апай» сөзі кемсіту немесе төмендету емес.
"Бұл – ресми әрі мәдени қаратпа. Институтта «Апай», «ағай» деп айту – сауатсыздықтың не төмен мәдениеттің белгісі емес. Кейбір тілдерде ресми қарым-қатынас есім мен әке аты арқылы қалыптасса, қазақ тілінде ресми стиль туыстық атауларға сүйенеді. Сондықтан қазақ тіліндегі қаратпа жүйесін басқа тілдік үлгіге бейімдеуге болмайды", — деді тіл маманы.
Соңғы жаңалықтар
26.09.2026
17:15
Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін...
26.09.2026
16:36
“Олар біз үшін өліп пе?”: Аза тұту күні эфирге ...
26.09.2026
15:36
«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағ...
26.09.2026
14:28
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші ...
26.09.2026
13:15
Қазақстандық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан әле...
26.09.2026
12:09
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып т...