Ақмола облысында жеті баланың әкесі екі айдан бері із-түзсіз жоғалған

09.01.2026 13:28 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Ақмола облысында жеті баланың әкесі екі айдан бері із-түзсіз жоғалған
0
583
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында жеті баланың әкесі Айжалғас Қайруллинов екі жарым айдан астам уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен. Оны іздеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Біржан сал ауданына қарасты Кеңащы ауылында болған. 31 жастағы ер адам кешкі уақытта үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Ұлының жоғалуына алаңдаған анасы аудандық полиция бөліміне арыз түсірген.

Хабар түскен сәттен бастап құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын бастаған. Іздеу жұмыстарына облыстық полиция департаменті, төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер, марқұмның туыстары мен ауыл тұрғындары тартылған.

Тергеу барысында бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр. Соның ішінде үшінші тұлғалардың қатысы болуы мүмкін деген болжам да жоққа шығарылмайды. Тергеушілер Айжалғас Қайруллиновты соңғы рет көрген адамдарды анықтап, оның жақын ортасын сұрастырып жатыр.

Қазіргі уақытта іздеу шаралары тоқтатылған жоқ. Жоғалған азаматтың фотосуреті өзге өңірлердегі полиция бөлімшелеріне жолданып, әлеуметтік желілер мен еріктілер қауымдастығы арқылы кеңінен таратылуда.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды кез келген маңызды ақпаратты полицияға дереу хабарлауға шақырады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий