АҚШ Пәкістан мен Ауғанстандағы балаларға арналған жүздеген тонна печеньені өртемек

АҚШ Пәкістан мен Ауғанстандағы балаларға арналған жүздеген тонна печеньені өртемек
17.07.2025 09:24
0
140
ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Пәкістан мен Ауғанстандағы балаларға арналған жоғары калориялы печеньенің шамамен 500 тоннасын өртеп жою туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Atlantic басылымы хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, бұрынғы президент Джо Байденнің тұсында АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) Дубайдағы қоймада сақталып тұрған осы печеньеге шамамен 800 мың доллар жұмсаған. Трамп әкімшілігі басқа елдерге гуманитарлық көмек көрсетуді тоқтатқаннан кейін, USAID қызметкерлері печеньені жіберуге рұқсат сұраған, алайда жауап алынбаған. Осы уақыт ішінде өнімнің жарамдылық мерзімі аяқталуға жақындаған.

Вашингтон билігі азық-түлікті мұқтаж адамдарға жіберудің орнына оны жою туралы шешім қабылдаған. Atlantic мәліметінше, бұл печенье Пәкістан мен Ауғанстандағы шамамен 1,5 миллион баланы бір апта бойы тамақтандыруға жеткілікті еді.

Азық-түлікті жоюға кететін шығындар америкалық салық төлеушілердің қаржысы есебінен 130 мың долларды құрайды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий