«Ақша үшін жүр дегенді есту ыңғайсыз»: Олжас Абай Бадықовамен арақатынасы туралы ашық айтты
Танымал отандық актер Олжас Абай әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы тек ақшаға негізделген деген қауесеттер мен оқырмандардың сын пікірлеріне алғаш рет жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Кино әлеміндегі танымал тандемнің айналасындағы бұл әңгіме желі қолданушылары арасында үлкен талқылау тудырды.
Олжас Абай өзінің кино индустриясында келе жатқанына көп уақыт болғанын айтып, әріптесі Дариға Бадықованың оның мансабындағы орны ерекше екенін жасырмады:
«Кей адамдар біздің қарым-қатынасты тек ақшаға тіреп қояды. Бірақ менің кино саласында жүргеніме 16 жыл болды. Иә, рас, менің танымалдылығымды берекеге айналдырып, өмірімнің одан әрі табысты болуына себеп болған — Дариға… Біз қазірдің өзінде соңғы төртінші жобамызды бірге түсіріп жатырмыз. Еңбекпен келген табысым өзіме толықтай жеткілікті», – деді актер ағынан жарылып.
Актер сырт көздің «біреудің есебінен күн көріп жүр» деген мағынадағы сөздерді айтуы өзіне өте ауыр тиетінін және мұндай айыптаулардың қисынсыз екенін атап өтті.
«Ақша үшін жүр деген сөзді есту мен үшін өте ыңғайсыз. Себебі байлық та, бақ та адамға жайдан-жай аспаннан түспейді. Оның артында жылдар бойғы төгілген тер, үлкен тәуекел, темірдей тәртіп және тума талант тұрады. Сондықтан адамның қалтасына емес, оның жүрегіне, мінезіне және еткен еңбегіне қараған дұрыс», – деп жазды Олжас Абай өзінің желідегі парақшасында.
Бүгінде Олжас Абай мен Дариға Бадықова қазақстандық комедия жанрындағы ең өтімді әрі кассалық жобалардың бел ортасында жүрген сұранысқа ие актерлер болып табылады.
Соңғы жаңалықтар