Ақтауда полицейлер өрттен мүмкіндігі шектеулі ер адамды құтқарды
1405
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында адам өмірі сақталып қалды
Ақтауда полицейлер тұрғын үйдегі өрт кезінде мүмкіндігі шектеулі ер адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 4-шағынауданда орналасқан №50 үйде болған. «102» пультіне пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен соң, оқиға орнына жедел түрде «Мираж-2» автопатрулі жіберілді.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері Ануар Орысбаев пен Бердібек Орынбаев қалың түтінге толған пәтерден өздігінен қозғала алмайтын мүмкіндігі шектеулі ер адамды эвакуациялады. Полицейлер оны қауіпсіз жерге шығарып, дереу жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
23:11
Өскемендегі дәмханалардың бірінде полиция қызме...
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...