Ақтаулық жаттықтырушы қыздың өлімі: зорлықпен рәсімделген несиеге не болды

Ақтаулық жаттықтырушы қыздың өлімі: зорлықпен рәсімделген несиеге не болды
19.04.2025 13:07
0
148
ашық дереккөз

Ақтауда қаза тапқан жаттықтырушы қыз Алина Серикованың ағасы Бауыржан Жолжан оның атына күшпен рәсімделген несиенің қазіргі тағдыры туралы айтып берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қорқыту арқылы алынған 2 миллион теңгелік тұтынушылық несие әлі күнге дейін жабылмаған. Дегенмен, несие шоты уақытша тоқтатылып, айыппұл есептелмей отыр.

Бауыржан Жолжанның сөзіне қарағанда, сотталғандардың туыстары үкім шыққанға дейін несиені өтейміз деп уәде еткен, тіпті келіп, сөйлескен. Алайда сот шешімі шыққаннан кейін ешкім байланысқа шықпаған, әрі отбасы ешқандай қаржылық өтемақы алмаған.

«Соттан бұрын келіп, несиені жапқымыз келеді деген. Ал соттан кейін – үнсіз. Бүгінге дейін не несиеге, не моральдық-мүліктік шығын бойынша ешқандай төлем түскен жоқ. Сот белгілеген өтемақы туралы атқару қағазын сот орындаушыға тапсырдық, бірақ әзірге нәтиже жоқ», — дейді марқұмның ағасы.

Еске салсақ, бұған дейін Бауыржан Жолжан сотта Алина Серикованың ұрлаушыларына қатысты үкім шыққан кезде моральдық және материалдық өтемақы тағайындалғанын айтқан болатын. Сот шешімі бойынша, сотталушылар отбасына 19 618 415 теңге материалдық және 30 миллион теңге моральдық шығынды бірлесіп өтеуге міндеттелген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий