Астанада лифтпен “төбелескен” ер адамның үстінен іс қозғалды

24.06.2026 • 22:26 Қарақат АСЫЛОВА
Астанада лифтпен “төбелескен” ер адамның үстінен іс қозғалды
945
Видеодан кадр
Астанада ер адам лифтілерді сындырып, 1,5 млн теңге шығын келтірді

Астанада көпқабатты үйлердің бірінде лифт жабдықтарын зақымдаған 34 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Полиция мәліметінше, ер адам мас күйінде лифтке зақым келтіріп, екі лифттің есігін күшпен ашып, соққылар жасаған. Соның салдарынан лифт жабдықтары істен шыққан.

Алдын ала есеп бойынша, келтірілген материалдық шығын шамамен 1,5 миллион теңгені құрайды.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, бұл дерек бойынша «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий