Астанадағы сауда орталығында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)
1762
Астанадағы сауда орталығында тәртіп бұзғандар полицияға жеткізілді
Астананың бір сауда-ойын-сауық орталығында жастар арасындағы төбелес оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға «Көктал» сауда орталығында болды. Бір топ жас жігіт қоғамдық тәртіпті бұзып, келушілерді қорқытып, төбелес ұйымдастырған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер саны мен жанжалдың нақты себебі анықталуда.
Астана полиция департаменті оқиғаның расталғанын хабарлап, төбелеске қатысқан тұлғалар ұсталғанын жеткізді.
««102» арнасына сауда орталығында жастар арасындағы төбелес туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қатысушыларды ұстап, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша кінәлілер жауапқа тартылады», – деп мәлімдеді полиция.
Соңғы жаңалықтар
27.09.2026
15:14
«Командир мас күйінде болған»: Каспийдегі қайғы...
27.09.2026
14:26
Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов...
27.09.2026
13:38
«Менің күйеуім кінәлі емес»: 14 сарбаздың қазас...
27.09.2026
13:15
Каспийдегі қайғылы жағдай: Қаза тапқан 14 сарба...
27.09.2026
12:16
Айдос Мырзахметов Қазақстанның Қорғаныс министр...
27.09.2026
11:18
Каспийде қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына ...