Астанаға Сербия президенті келді
928
Сербия президенті Александр Вучич мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Politico.kz.
Сербия президентін әуежайдан премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.
.jpg)
Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарлануда.
Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі. Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында екі ел арасында құрметке, сенімге және өзара тиімді серіктестікке негізделген достық байланыстар орнады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, $107 млн-нан асты.
Соңғы жаңалықтар
31.08.2026
10:35
Нұрай Серікбай ісі: тергеушінің үстінен қылмыст...
31.08.2026
10:35
Ақтауда бортында 7 адам болған қайық жартасқа с...
31.08.2026
10:18
Құралай ханым: Күйеуім "алдымнан қамажай билеп ...
31.08.2026
10:06
Астанада танысу сайты арқылы ер адамнан 500 мың...
31.08.2026
10:06
Атырауда ер адам 17 жастағы бойжеткенді зорлап,...
31.08.2026
09:39
«Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаев...