Нұрай Серікбай ісі: тергеушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Шымкент қалалық полиция департаменті марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істі жүргізген тергеуші Әбілғазы Артықбайдың әрекетіне байланысты қылмыстық іс тіркеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін сот барысында марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай тергеушіге қатысты бірқатар заңсыздықтарды айтып, шағымданған болатын. Оның сөзінше, қызды ұрлап, мәжбүрлеп тұрмысқа бермек болған жерге барған Артықбай күдікті Шерхан Аймаханның туыстарымен бірге дастархандас болып, шай ішкен әрі бойжеткенге қысым көрсеткен.
Сондай-ақ сот отырысында судья тергеушінің полиция бөлімшесінде Нұрайды жазбаша келісімсіз видеоға түсіріп, аталған бейнежазбаны іс құжаттарына қоспағанын анықтаған еді.
Қазіргі уақытта полиция аталған факт бойынша тергеу амалдарын бастады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмеді. Ведомство Әбілғазы Артықбайдың қазіргі таңда тергеуші қызметін атқармайтынын нақтылады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...
15.10.2026
18:22
55 оқушы ауруханада: Алматыдағы жаппай улануға ...
15.10.2026
17:53
Ақтөбеде билік митинг өткізуге келісім берді
15.10.2026
17:10
«Әйел 6-9 бала босану керек»: Салтанат Байқошқа...
15.10.2026
16:39
«Сен жетімсің бе?»: Бүркіт жасырын үйленгенін е...
15.10.2026
16:35
Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатын...