Атырау облысында жоғалып кеткен аңшының мәйіті табылды
Атырау облысында 14 желтоқсанда аң аулауға шығып, байланысқа шықпай қалған ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды. Жоғалып кеткен аңшының мәйіті дала аймағынан табылған, деп хабарлайды Politico.kz.
БАҚ мәліметінше, ер адам аң аулауға кеткеннен кейін ұзақ уақыт бойы хабарсыз кеткен. Іздеу барысында оның УАЗ маркалы автокөлігі осы аумақтан бұрын анықталғанымен, өзі табылмаған болатын.
Жоғалған азаматты іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері және еріктілер тартылған. Бірнеше күнге созылған іздестіру нәтижесінде аңшының денесі жазық дала аумағынан табылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы мен өлімнің себебі анықталуда. Құзырлы органдар тарапынан әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.
Тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат кейінірек жариялануы мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...