Атырауда полицейлерді сабағандар сотталып кетті

11.08.2026 10:46 Қарақат АСЫЛОВА
Атырауда полицейлерді сабағандар сотталып кетті
157
Фото: Бейнеден кадр

Атырау облысында тәртіп сақшыларын тас пен таяқпен сабаған үш тұрғынның жазасы қатаңдатылып, олар түрмеге жабылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, бұған дейін Қызылқоға аудандық соты бұл азаматтардың бас бостандығын шектеп қана үкім шығарған. Алайда кассациялық сот Бас прокурор орынбасарының наразылығынан кейін шешімді қайта қарады. Сот алдыңғы жазаны жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейді деп тапты. Осылайша екі айыпталушы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал үшінші сотталушы 3 жыл 6 айға темір торға қамалатын болды. Үкім өзгерген бойда үшеуі де сот залында күзетке алынды.

Оқиға 3 сәуірде Мақат ауданында болған. Шақырту бойынша келген полицейлерге мас күйдегі бір топ ер адам қарсылық көрсеткен. Олар тәртіп сақшыларын тепкілеп, тас пен ағаш таяқтармен ұрған. Салдарынан бір полиция қызметкері орташа ауырлықтағы дене жарақатын алды.

Бұл төбелестің видеосы сол кезде желіде кеңінен тарап кеткен еді. Оқиғадан кейін көп ұзамай, 6 сәуірде күдіктілер ұсталды.

Бас прокуратура мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатынын еске салды. Қызметтік міндетін атқарып жүрген полицейлерге шабуыл жасау аса қауіпті қылмыс саналады.

Войдите, чтобы оставить комментарий