Атырауда құлдыққа түскен қырғызстандық еліне қайта алмай жүр

06.04.2026 14:18 Арман Ермеков
Атырауда құлдыққа түскен қырғызстандық еліне қайта алмай жүр
392
Қазақстанда құлдыққа түскен қырғызстандық туыстарын іздеуде | Фото: 24.kg

Атырауда еңбек құлдығынан қашып құтылған қырғыз азаматы құжатсыз қалып, қазіргі уақытта туыстарын іздеп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Қырғызстандық жүк көлігінің жүргізушісі Исламбек Советбеков Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы тұрақтан қиын жағдайда қалған отандасы Мақсат Ишенбаевты кездестіріп қалған. Ол Ресейге сапарлап бара жатқанда «Шерхан» тұрағынан бұл азаматты алғаш рет қаңтар айында көріп, жақында тағы да байқағанын айтты. Белгілі болғандай ер адам ол жерде құжатсыз әрі күнкөріс қаражатынсыз 3 айдан бері жүрген көрінеді.

Мақсат Ишенбаевтың өзі Атырау қаласында жұмыс істеп жүріп еңбек құлдығына түскенін жеткізген. Кейіннен ол жерден қашып шыққанымен барлық құжаттарынан айырылып далада қалған екен.

Мақсат Ишенбаев Бішкек қаласында тұратын Азамат есімді бауыры мен Марат атты ұлы бар екенін айтқан. Осыған байланысты қырғызстандық 24.kg агенттігі бұл азаматты танитын немесе оның туыстары туралы ақпарат білетін адамдардан көмек сұрады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий