«Айлар бойы дайындалдым»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасын қуантты

28.09.2026 • 10:18 Мөлдір ҚАЙНАР
«Айлар бойы дайындалдым»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасын қуантты
944
Фото: видеодан скриншот

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына ерекше тосынсый жасап, елорданың төрінен жаңа баспана кілтін табыстады, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі пәтердің жөндеу жұмыстарын өзі толық үйлестіріп, ішін заманауи дизайнерлік жиһаздармен жабдықтаған. Ол әлеуметтік желідегі оқырмандарымен қуанышын бөлісіп, перзенттік парызын өтеуге ұмтылған сәтіндегі әсерлі сезімін жеткізді.

«Аллаға сансыз шүкір! Ұзақ күткен, айлар бойы дайындалған күнге жеттім. Ата-анама деп дайындаған пәтерді табыстау бақыты бұйырды. Өздерің барда, мен баламын, қос қанатым күш беріп, тілеуімді тілеп, дұғаларынан тастамайтын жердегі жәннатым. Қандай сый, құрмет көрсетсем де, перзенттік парызым өтелмесін білемін. Баршаңызға дәл осындай құрмет көрсету бұйырсын», — деп ағынан жарылды актриса.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері оның ата-анасына деген осындай үлкен құрметі мен игі ісіне ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий