Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Қазақстанға көңіл айтты
Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілерге байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомство Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты қатты қайғырып отырғанын жеткізді. Қаза тапқандардың отбасыларына, Қазақстан халқына және Үкіметіне көңіл айтты.
Сонымен қатар Әзербайжан СІМ із-түзсіз жоғалған әскери қызметшілерді аман -есен табылады деп үміт білдіріп, зардап шеккен әскери қызметшінің тезірек сауығып кетуін тілектестік білдірді.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлап, қатты жел соғуы салдарынан 19 әскери қызметшіні Каспий теңізінде толқын алып кеткен. Тоғыз адам қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, Үкіметтік комиссия құрылды.
Соңғы жаңалықтар