Балабақшада кеңсе пышағымен бала жаралаған оқиғадан кейін директор жұмыстан кетті

21.06.2026 16:09 Қарақат АСЫЛОВА
Балабақшада кеңсе пышағымен бала жаралаған оқиғадан кейін директор жұмыстан кетті
206
Видеодан кадр
Қарақиядағы балабақшада болған оқиға үлкен дауға ұласты

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында орын алған оқиға қоғамның қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

«Жауқазын» балабақшасының директоры қызметінен босатылып, жауапты қызметкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Даудың туындауына алты жасар баланың тынығу уақытында топқа кіріп, өзге бүлдіршінді кеңсе пышағымен жарақаттауы себеп болған. Оқиғадан кейін жүргізілген тексеру барысында баланың бұл балабақшаның тәрбиеленушісі ретінде тіркелмегені белгілі болды.

Ата-аналардың сөзінше, аталған бала мекеме ішінде еркін жүріп-тұрып, топтарға кіріп, балалардың тыныштығын жиі бұзған. Олар бұл жағдайға қатысты бірнеше рет шағымданғанымен, мәселе ұзақ уақыт бойы назардан тыс қалған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін құзырлы органдар тексеру жүргізіп, нәтижесінде балабақша директорымен еңбек шарты тоқтатылды.

Сондай-ақ мекеме басшысы мен тәрбиешілердің бірі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 43 250 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оқиғаға байланысты бақылау күшейтіліп, тиісті шаралар қабылдануда.

Войдите, чтобы оставить комментарий