"Бақытты алыстан іздейміз": Нұрғали Нүсіпжанов жас әйелімен видео жариялады

09.07.2026 17:15 Мөлдір ҚАЙНАР
73
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында жас әйелімен бірге түскен бейнежазбасын жүктеп, астына жүрекжарды жазба қалдырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі өткен күнге ризашылық білдіріп, өмірдің әр сәтіне шүкіршілік ету маңызды екенін алға тартты.

«ЖАРАТҚАННЫҢ ЖАРЫЛҚАҒАНЫНА МЫҢ ДА БІР ШҮКІР… Бүгінгі күніме шүкір… Арайлап атқан ақ таңды аман-сау қарсы алғаныма, жылы күннің шапағат-шуағына шомып, саф таза ауаны жұтқаныма шүкір, көк аспан мен табиғаттың сан алуан сұлулығын көргеніме, сезінгеніме сансыз шүкір… Пендеміз ғой, бақытты алыстан іздейміз. Бірақ шын мәнінде, бақыт күн сайын кездесетін қарапайым нығметтердің ішінде ғой… Сондықтан әр күнім үшін, әр демім үшін, өмір сыйлаған әр сәт үшін Аллаға тағы да, тағы да Аллаға шексіз шүкір айтамын…», – деді Нұрғали Нүсіпжанов.

Сонымен қатар халық әртісі адами құндылықтар мен қанағат туралы өз пайымдауын жеткізіп, оқырманға ой салды.

«Шүкіршілік еткен жүрек, кешірімшіл кең жүрек еш уақытта кедей болмайды. Барға разы болған жанның бақыты да, берекеті де арта береді… Өз басым осы тәмсілге кәміл сенем», – деп жазды әнші.

Войдите, чтобы оставить комментарий