«Барлығы жеңіл»: Динара Сәтжан күйеуі туралы айтып мақтанды

25.06.2026 10:28 Мөлдір ҚАЙНАР
«Барлығы жеңіл»: Динара Сәтжан күйеуі туралы айтып мақтанды
226
Фото: instagram/dinarasatzhan

Тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Жұмабек Жанықұловпен бірге түскен суретін жариялап, олардың өмір салты туралы әсерлі жазба бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналистің айтуынша, жолдасының өмірге деген қарқыны өзіне де үлкен шабыт сыйлайды.

«Бұрын өзімді өте энергиясы көп адаммын деп ойлайтынмын. Кейін Жұмабекпен танысып, мүлде басқа деңгейді көрдім. Таңғы сағат бесте тұрып, басқа елге еш қиналмай жолға шыға салу – біз үшін қалыпты нәрсе. Барлығын жеңіл әрі позитивпен қабылдаймыз. Бұл – біздің өмір салтымыз», – деп жазды ол.

Динара Сәтжанның сөзінше, өмірлік серіктің адамға күш-қуат беріп, алға жетелеуі маңызды.

«Жаныңда энергияңды сарқымай, керісінше оны еселейтін адамның болғаны өте маңызды», – деді тележүргізуші.

Сондай-ақ ол жақында Бішкек пен Ыстықкөлге жасаған сапарында уақытпен санаспай, жол үстінде де жұмысқа дайындалуға тура келгенін айтты.

«Бішкекке дейін бес сағаттай жүрдік. Одан кейін Ыстықкөлге тағы төрт жарым сағат жол болды. Жол жөнделіп жатқандықтан, көлікте киім ауыстырып, макияж бен шашымды бағдаршамдардың арасында жасап үлгердім. Біз басқаша өмір сүре алмайтын сияқтымыз», – деп түйіндеді ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий