Барселонада Димаш Құдайбергеннің суреті бар автобустар жолға шықты

Барселонада Димаш Құдайбергеннің суреті бар автобустар жолға шықты
22.10.2025 18:21
0
64

8 қарашада Барселона қаласындағы Бадалона Олимпиада аренасында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне орай, Испаниядағы жанкүйерлері арнайы жарнамалық науқан ұйымдастырды. Қазіргі таңда қаланың көшелерінде әншінің суреті мен концерті туралы ақпарат ілінген автобустар жүріп жүр, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Жарнама 6 қазан мен 9 қараша аралығында Барселонаның жолаушы ең көп мінетін В24 және В25 бағыттарында көрсетіледі. Бұл бағыттардың бірі тікелей Димаш өнер көрсететін Олимпиада аренасының алдынан өтсе, екіншісі – үлкен Magic сауда орталығының жанынан өтеді. Осылайша күн сайын мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары қазақстандық әншінің бейнеленген афишаларын көре алады.

Бұл – нағыз фантастика! Үздіксіз еңбектің нәтижесі осындай тамаша жетістікке жеткізді. Енді Димаш Барселонаның көшелерінен “жүріп өтетін” болды. Бұл жобаның жүзеге асуына атсалысқан әр жанкүйерге алғысымыз шексіз, – деп испаниялық жанкүйерлер өз қуаныштарымен бөлісті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий