​«Бастықтың кабинетінде қол қойдық»: Меруерт Өтекешева Құман Тастанбековпен өткен тойының құпиясын ашты

08.10.2026 • 17:43 Мөлдір ҚАЙНАР
​«Бастықтың кабинетінде қол қойдық»: Меруерт Өтекешева Құман Тастанбековпен өткен тойының құпиясын ашты
1858
Фото: мұрағаттан

​Көпшілік арасында «Қыз Жібек» фильмінің қос жұлдызы Меруерт Өтекешева мен Құман Тастанбековтің үйлену тойы туралы түрлі аңыз тараған. Актриса сол оқиғаның қалай болғанын "Время" газетіне берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz.

​Ол той киноның тұсаукесерінде өтті деген алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды.

​«Тойды премьерада жасады деген шындыққа жанаспайды, мейрамханада бәрі ойдағыдай өтті. Бірақ біз АХӘТ (ЗАГС) бөлімінде емес, киностудия директорының кабинетінде некеге тұрдық. Себебі осы сәтті кинохроникаға түсіріп алу керек болды. Аңыздың бәрі осыдан шыққан шығар» деді актриса.

Сондай-ақ өнер иесі сол түсірілім күндерінен бері жарты ғасыр бойы көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан жәдігерлері туралы да бөлісті. Оның айтуынша, режиссер Сұлтан-Ахмет Қожықов Төлегеннің қаза болатын сахнасын түсірген күні ағаш сынығына қолтаңбасын қалдырған. Актриса сол ағашты, сценарийдің жеке данасын және болашақ жары Құман сыйлаған алғашқы көктемгі гүл шоғын күні бүгінге дейін ешкімге ұстатпай, ең қымбат дүниесі ретінде үйде сақтап отыр. Бүгінде әбден қурап, үгітіліп қалған сол бір гүл шоғы өнер иесі үшін сол кездегі пәк сезім мен жастық шақтың мәңгілік белгісіндей болып қалған.

Войдите, чтобы оставить комментарий