Баян Мақсатқызы әнші Тұрарды сынап тастады

Баян Мақсатқызы әнші Тұрарды сынап тастады
22.10.2025 12:48
0
88

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы "The Noice of Kazakhstan" жобасында жас әнші Тұрарды кемсітті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Ол қатысушылардың біріне өзінің ой пікірімен бөліскен.

"Дикцияң, сөйлеген сөзің таза, акцентің өте жақсы. Түсінікті. Қазір мұрын астынан өлең айтатындар көбейіп кетті ғой. Мен ешкімді сүймемйін, ешкім ұнамайды деп. Не айтып, не сөйлеп жатқандары түсініксіз. Біз сияқты ескі адамдар үшін бұл өте маңызды", - деді Баян Мақсатқызы.

Әнші Тұрардың бұл пікірге ұялып, күлгенін байқауға болады. 

Ал әлеуметтік желі қолданушылары керісінше продюсердің өзін сынап шықты.

"Кешьюдың керемет дикциясымен бірде-бір әнін білмейді екенмін", "Бағым екеуінің әдеті ғой біреуді сынау", "Бір-бірін мойындамайтындарды неге бір жерге жюри қылып отырғызады екен?", "Әпшеміз өзі өлең айта алатындай", "Мына жерде Баянның өзі артық жюри болып отыр", "Бетке былш еткізе салады екен", - деп жазды олар. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий