Бәйтерек алдында ішімдік ішіп видео түсірген қыздар жазаланды
1528
Қоғамдық орынды ластаған қыздар сотқа жіберілді
Астанада әлеуметтік желіде трендке айналған бейнежазба түсіру үшін қоғамдық орындарды ластаған екі әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Олар «Бәйтерек» монументі маңында орындықтар мен тротуарларға шампан құйып, видео түсірген. Бұл әрекет қала тазалығына зиян келтіріп, коммуналдық қызметтердің жұмысына кедергі келтірген.
Оқиға бойынша полиция тарапынан әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.
Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттер заң бұзушылық болып саналатынын және қоғамдық орындарды ластау үшін түсірілетін “хайп-видеоларға” қатаң шара қолданылатынын ескертті.
Соңғы жаңалықтар
26.09.2026
17:15
Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін...
26.09.2026
16:36
“Олар біз үшін өліп пе?”: Аза тұту күні эфирге ...
26.09.2026
15:36
«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағ...
26.09.2026
14:28
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші ...
26.09.2026
13:15
Қазақстандық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан әле...
26.09.2026
12:09
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып т...