Желтоқсаншылар өздерін “бандит” деген блогерді жазалауды талап етті

01.05.2026 20:24 Қарақат АСЫЛОВА
Желтоқсаншылар өздерін “бандит” деген блогерді жазалауды талап етті
20
Ашық дереккөзден
Желтоқсаншыларға тіл тигізген блогерге қатысты талап күшейді

Алматыда Желтоқсан оқиғасы қатысушыларының бір тобы қоғамда резонанс тудырған мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Олар өзін Mambethador деп таныстырған TikTok қолданушысының желтоқсаншыларды «бандит» деп атауына наразылық білдіріп, оны жауапқа тартуды талап етті. Белсенділердің айтуынша, аталған блогер Мұхтар Шаханов есімін Алматыдағы Розыбакиев көшесіне беру бастамасына қарсы шығып, тарихи оқиғаға қатысқан азаматтарды қорлаған.

Жиналыс барысында сөйлеген Гүлбаһрам Жүніс желтоқсаншылардың бұл мәселеге бейжай қарамайтынын атап өтті. Оның сөзінше, олар қазақ халқын балағаттаған азаматтың заң алдында жауап беруін қолдайды.

Сонымен қатар, желтоқсаншылар өз мүдделерін қорғау үшін заңгер Мейірман Шекей атына сенімхат тапсырған. Қазіргі уақытта бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий