Бектенов, Қарин, Скляр: Шенеуніктер Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026 09:24 Қарақат АСЫЛОВА
Бектенов, Қарин, Скляр: Шенеуніктер Құрылтай сайлауында дауыс берді
246

Қазақстанда жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау басталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Дауыс берудің алғашқы сағаттарында елдің бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасады.

Астана қаласында Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Премьер-министр Олжас Бектенов те сайлауға қатысып, өз дауысын берді.

Ал Президент әкімшілігінің басшысы Роман Скляр Тәуелсіздік сарайындағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Астанадағы Quantum TECH School ғимаратында орналасқан №169 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сондай-ақ Сенаттың бұрынғы төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық академиялық кітапханадағы сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов және Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров та Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Дәурен Қосанов сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып барған.

Бұдан бөлек, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек те сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Еске салайық, бүгін Қазақстанда жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Ел бойынша мыңдаған сайлау учаскесі жұмысын бастады.

Войдите, чтобы оставить комментарий