Алматыдағы MEGA-да өрт шықты: Адамдарды эвакуациялап жатыр
922
Алматыдағы Розыбакиев көшесінде орналасқан MEGA сауда орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары келіп, келушілерді эвакуациялап жатыр.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жерасты автотұрағында болған адамдар көліктерімен сыртқа шыға алмай қалған. Келушілер автотұрақтағы шлагбаумның жабық тұрғанына шағымданған.
«MEGA-да өрт болып жатыр. Шлагбаумды ашудың орнына, 1000 теңгені жоғалтып аламыз деп отыр. Шығатын жерде көліктер кезекте тұр», – деп жазған келушілердің бірі.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өртке қатысты шақыртудың жоғары деңгейі расталмағанын хабарлады.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
22:11
Айтуған Ғалымов: Әйелімнің тісін сындырған жоқпын
06.10.2026
21:49
Дастан Мұхамедрахым: Маңғыстаудікіндей табиғат ...
06.10.2026
21:30
Ерлан Карин әлемдік діни ұйымдардың өкілдерімен...
06.10.2026
20:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық істер бойынша Еур...
06.10.2026
19:19
Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтанын Астана әуежай...
06.10.2026
18:35
Президент Қазақстан-Оман бизнес-форумында сөз с...