Белгілі актер қаралы хабар жеткізді

29.06.2026 10:46 Мөлдір ҚАЙНАР
Белгілі актер қаралы хабар жеткізді
328
Фото: коллаж sn.kz

Танымал актер әрі "Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының белді мүшесі Жанболат Найзабеков өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында суыт хабар жариялады. Өнер иесі көп жылдар бойы отбасымен тығыз араласып, сыйласып өткен жақын досының кенеттен дүниеден озғанын айтып, оқырмандарымен қайғысымен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Жанболат Найзабеков бұл қазаның өзіне өте ауыр тигенін және марқұмды ақтық сапарға шығарып салу үшін арнайы Жаркент қаласына аттанғанын жеткізді. Ол өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін айтып, желі қолданушыларын сыйластықта өмір сүруге шақырды.

​"Кеше ғана сөйлесіп, қал-жағдай сұрасып отырып, бүгін жайсыз хабар естіген қандай жаман. Досым-ай. Сіздер танымайсыздар. Отбасымызбен араласатын жақын досымыз. Өте жақсы, сыйлы адам. Дос дегенге тұрарлық азамат. Ажал ғой, айтып келмейді. Досымызды ақтық сапарға шығарып салуға Жаркентке келдік. Кімнің қашан өлерін ешкім білмейміз. Ренішсіз өмір сүрейік", - деді ол.

​Суыт хабарды естіген желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері театр актеріне демеу болып, қайғысына ортақтасып жатыр. Оқырмандар марқұмның отбасы мен жақындарына сабырлық тілеп, әлеуметтік желіде жаппай көңіл айтуда.

Войдите, чтобы оставить комментарий